Ақтөбеде жолда қалған автобус ішінде Тәжікстан азаматы көз жұмды
Опубликовано:
Ақтөбелік полицейлер жолда қалған автобус ішінде қайтыс болған 63 жастағы жолаушының денесін Қарабұтақ құтқару бекетіне жеткізген. Марқұм Тәжікстан азаматы болып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"5 қараша Ақтөбе уақытымен сағат 6:40 шамасында Қарабұтақ құтқару бекетіне 1956 жылы туған Тәжікістан азаматы Хучамурод Баеновтің денесі жеткізілді. Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ол жылытылатын автобустың ішінде болған, үсіп кетуі мүмкін емес", - дейді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Автобус Ресейден Тәжікстанға қарай қайтып келе жатқан.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін "Самара-Шымкент" тас жолында жүздеген көліктің тұрып қалғаны хабарланған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1825702-aktbede-zolda-kalgan-avtobus-isinde-tzikstan-azamaty-kz-zmdy/