Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да зорлау оқиғасына қатысты мәліметтерді таратқаны үшін 16 полицей жазаланды

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха ауданының полиция қызметкерлері жауапқа тартылды. Алдын-ала мәлімет бойынша, олар жасөспірімнің зорлыққа ұшырағаны туралы ақпаратты желіде таратқан деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ведомствоның мәліметінше, қызметтік құжаттың интернетте таралуына қатысы бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері жазаланған.

ШҚО ПД басшысы генерал-майор Бақтыбаев полиция бөлімінің 16 лауазымды тұлғасын қатаң тәртіптік жазаға тартуға бұйрық берген. Олардың арасында аудандық полиция бөлімінің басшысы да бар.

Генерал-майор Бақтыбаев "Кәмелетке толмаған адамды әдейі зорлау" және "Өз-өзіне қол жұмсау" баптары бойынша қозғалған істердің тергеу амалдары өзінің жеке бақылауында екенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, ШҚО-да 7 жасар қызға азғындық әрекет жасады деп күдіктелген азамат өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланған.

Кейін желіде күдікті жайлы ғана емес, зорлықтың құрбаны болған қыз бала туралы да ақпараттың тарап кеткені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1825969-sko-da-zorlangan-zasspirim-turaly-akparat-taratkany-sin-16-policej-zazalandy/

pixel