Ақмола облысында жол апатынан әкесі мен баласы көз жұмды (фото)
Опубликовано:
Ақмола облысының Ақкөл қаласы маңында жан түршігерлік жол апаты орын алды – Hyundai Elantra мен Toyota Carina автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы Минск ХПП – Жаңа Қалқұтан ауылы автожолында демалыс күні болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, Степногорск бағытында келе жатқан Hyundai Elantra автокөлігінің 53 жастағы жүргізушісі рөлді игере алмай жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, Toyota көлігін соққан.

Өкінішке орай, жол апаты қайғылы оқиғамен аяқталды. 1987 жылы туған Toyota жүргізушісі мен оның алты жасар баласы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ осы көлікте отырған жолаушы – 1984 жылғы келіншек бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Сонымен қатар, Hyundai Elantra автокөлігінің жолаушысы – 1978 жылғы азамат зардап шекті.

Полиция аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1826656-akmola-oblysynda-zol-apatynan-kesi-men-balasy-kz-zmdy-foto/