Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында келіншек екі баласымен бірге өртеніп кетті

Опубликовано:

Алматы облысында үй өртеніп, үш адам көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"16 қараша күні сағат 00:48 кезінде өртке қарсы қызмет пультіне Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Бәйтерек ауылының "Труженник" саяжайлық қоғамдастығында екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенше үй толығымен өртеніп кеткен", - деп хабарлайды Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Сағат түнгі 02.36 кезінде өрт сөндірілген. Тілсіз жау департаменттің мәліметінше, 240 шаршы метр аумақты алып кеткен.

"Үйінділерді тексеру барысында өрт орнынан денесі жартылай күйіп кеткен үш адамның - 1985 жылы туған әйел мен оның 2008 және 2014 жылғы екі баласының мәйіті табылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 14 адам мен 3 арнайы техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, күні кеше Қарағанды облысында жантүршігерлік оқиға орын алды. Ауыл тұрғындары даладан әйелдің өртенген мәйітін тапқан. Ресми ақпаратқа қарағанда, әйелдің денесі Новая Дубовка ауылынан екі шақырым қашықтықта табылған. Мәйіт толығымен өртенбеген. Тергеушілер әйелдің Абай ауданының 42 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1827512-almaty-oblysynda-kelinsek-eki-balasymen-birge-rtenip-ketti/