Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда мектеп оқушылары төбелесіп, бір жасөспірім пышақталды

Опубликовано:

Павлодарда мектеп оқушылары төбелесіп қалып, нәтижесінде біреуі пышақ жарақатын алды. Полиция екі жасөспірімнің арасында жанжал туғанын, оның бірі күдікті екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы болған оқиға жөнінде айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, екі мектептің оқушылары жаға жыртысып қалған. Олардың біреуі төбелес кезінде пышақ шығарған. Нәтижесінде 2004 жылы туған жасөспірім облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

"Екеуі өштесіп қалған. Пышақтың қайдан шыққанын анықтайтын боламыз. Бопсалау факті әзірге анықталған жоқ. Тергеу жүргізіледі", – деді Павлодар облысы ПД басшысы Нұрлан Максимов.

Құқық қорғау органының мәліметінше, оқиғаның қатысушылары тәртібі нашар оқушылар қатарына жатпаған. Екеуі де мектеп инспекторының есебінде тұрмаған.

Қазіргі уақытта зардап шеккен жасөспірімнің жағдайы тұрақты. Ол әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Жеткіншектердің төбелесіне қатысыты «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмыс бойынша сот санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтан айыру жазасын қарастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1829318-pavlodarda-mektep-okusysy-pysak-zarakatymen-zansaktau-blimine-tsti/

pixel