Алматыда маңындағы ұшақ апатынан Informburo журналисі мерт болды
Жарияланған күні:
Алматыда 15 адамның өмірін алып кеткен ұшақ апатынан алматылық журналист Дана Круглова да көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Informburo.kz порталы редакторының өлімі туралы басылым сайты мәлімдеді. Қайғылы ақпаратқа қатысты бас редактор Михаил Дорофеев пікір білдірді.
"Ол нағыз журналист еді. Мақалалары үнемі талқыға түсіп, редакцияның бар қызметкерлеріне үлгі болып жүретін. Қаңтар айында шығарушы редактор болып, 1 желтоқсан күні журналистік зерттеу бөлімін басқарды. Ол адал, өжет әрі объективті еді. Бұл біз үшін орны толмас қаза", - делінген хабарламада.
Дана Круглова 1984 жылдың 8 сәуірінде дүниеге келген. Ол Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Informburo.kz порталында 2016 жылдан бастап жұмыс істеген.
Марқұм Алматыда жұмыс бабы бойынша кездесулері болса да, жаңа жылды Нұр-Сұлтан қаласында ата-анасымен қарсы алғысы келіп, елордаға ұшқан.
Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.
Соңғы мәліметтер бойынша қайтыс болғандардың саны 15 адамға жеткен.
Марқұмдардың арасында "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.
Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Сонымен қатар Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылғаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1833842-almatyda-mayndagy-sak-apatynan-informburo-zurnalisi-mert-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.