Байбек Алматыда ұшақ апатында қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты
Опубликовано:
Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жолаушылар лайнерінің апатқа ұшырауы салдарынан өмірі қыршынынан қиылған жандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оңтүстік астананың бұрынғы әкімі зардап шеккендер жайлы да пікір білдіріп, оларға тез арада сауығып кетуді тіледі.
Еске сала кетейік, күні кеше Алматыда орын алған жантүршігерлік ұшақ апаты барша қазақстандықтарды дүрсілкіндірді.
Анықталғандай, әуе кемесі әуежай маңында құлап, бетондық құрылысты қиратып тастады. Оқиғадан он екі адам қаза тапты.
Қаза болғандардың отбасыларына төрт миллион теңге көлемінде өтемақы төленбек. Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Барлық көңіл көтеру шаралары өтпейтін болды.
Елордада осыдан он жыл бұрын ілінген ең үлкен туды түсіріп тастады. Аталмыш ту осымен сегізінші рет рет төмен түсірілді.
Зардап шеккендер арасында тоғыз бала бар болып шықты. Анықталғандай, олардың төртеуі - бір үйдің балалары екен. Олардың әкесі ұшақ апатында қаза тапты.
Апатқа ұшыраған ұшақ пилоттарының біреуі оқиғадан қаза болғаны белгілі. Екіншісі ауруханада ес-түзсіз күйде жатыр. Оны сақшылар күзетуде. Ер адамға ота жасалынды.
Дәрігерлер өзге зардап шеккендер туралы мәлімет беріп, олардың қазіргі жағдайы туралы айтып берді.
Оған қоса, ІІМ орын алған оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық істің тергеу жұмыстары қалай өтіп жатқанына қатысты мәлімдеме жасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1834012-bajbek-almatyda-sak-apatynda-kaza-tapkandardy-tuystaryna-kil-ajtty/