Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сақтандыру компаниясы апаттан қаза болғандардың отбасына қанша ақша төлейді

Опубликовано:

Алматыдағы ұшақ апаты: "Amanat" сақтандыру компаниясының басшысы Ерғали Бегімбетов қаза болғандардың отбасыларына, сондай-ақ зардап шеккендерге сақтандыру төлемдері берілетінін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ІІМ ТЖК, NUR.KZ
Фото: ІІМ ТЖК, NUR.KZ: Facebook

Бұл туралы компания басшысы өзінің Facebook парақшасында жазды. Ол Bek Air әуе компаниясының "Amanat"-тың клиенті болып табылатынын атап өтті.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру келісім-шартында зардап шеккендерге өтемақы беру қарастырылған. Отандық заңнамаға сәйкес, Z2100 рейсінің жолаушылары ішінен жарақат алғандарға, сондай-ақ апат салдарынан көз жұмғандардың асырауында болған адамдарға сақтандыру төлемдері беріледі.

Бұдан бөлек, мүліктің зақымдалғаны үшін де төлем қарастырылған, сондай-ақ компания қаза болғандарды жерлеуге кететін шығынды өтеуге уәде берді.

Заңнамаға сәйкес, сақтандыру компаниясы өтемақыны әуе компаниясы мен зардап шегушілерден құжаттар алған соң 7 жұмыс күні ішінде төлеуі тиіс. Компания басшысы сақтандырушыларға жүгінген әр адамға өткізуге қажетті құжаттар тізімі айтылатынын жеткізді.

Ерғали Бегімбетов қайғылы оқиға салдарынан туған-туыстары мен жақындарынан айырылған адамдарға көңіл айтты.

Апат салдарынан денсаулығына зардап келген жолаушылар 200 АЕК-ке (530 200 теңге) дейін емге жұмсалған ақша мөлшеріне сәйкес өтемақы алады.

Егер адам мүгедек болып қалса, компания мүгедектік тобына байланысты 2 500 АЕК-тен 5 000 АЕК- ке (6 627 500-13 255 000 теңге) дейін төлейді.

Қаза болған жолаушы үшін 5 000 АЕК (13 255 000 теңге) мөлшерінде өтемақы қарастырылған.

Бұдан бөлек, 100 АЕК ( 265 100 теңге) мөлшерінде жерлеу шығындары өтеледі.

Сонымен қатар, әрбір зардап шеккен адамның мүлкіне келген залал үшін 250 АЕК-ке (662 750 теңге) дейінгі мөлшерде ақша төленеді.

Сақтандыру компаниясының басшысы атап өткендей, төленетін өтемақы мөлшері келесі жылы айлық есептік көрсеткіш сомасының өзгеруіне сәйкес өсетін болады.

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатынан зардап шеккендерді құтқару кезірнде қол ұшын созған адамдарды ерекше атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшысы қан өткізген донорларға алғысын білдірді.

Ал Алматы әкімі бүгін ұшақ апатынан қаза тапқандардың үйлеріне барып, отбасыларына көңіл айтты. Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында болып, онда әуе апатынан зардап шегіп, ем алып жатқан тоғыз баланың жағдайын біліп қайтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1834103-saktandyru-kompaniasy-apattan-kaza-bolgandardy-otbasyna-kansa-aksa-tlejdi/

pixel