Жаңа жыл түні Алматыда бизнес-орталық өртенді
Опубликовано:
Жаңа жыл түні Алматыда бизнес-орталық өртенді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.

"Сағат 00:31-де 101 қызметіне Алмалы ауданы Жұмалиев көшесіндегі «Grand Asia» бизнес-орталығында өрт тұтанғаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер 1-қабаттан бастап 12-қабатқа дейін керамогранит астына төселген жылытқыштың сыртқы қаптамасы жанып жатқанын анықтады.
Қызыл жалын 02:18-де толық сөндірілді. Өрт 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Тілсіз жаудың алдын ала себебі - пиротехниканы қолдану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау(,- делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 43 адам және 15 техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, жаңа жыл түні төтенше жағдайлардың бірі елордада болды. Нұр-Сұлтандағы саяжайлардың бірі өртке оранып, екі адам көз жұмды.
1 қаңтар сағат 03:23-те "Қала маңы" тұрғын ауданының "Авиатор" саяжайында үй өртеніп, қызыл жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған.
"Үйдің біраз бөлігі қирап қалды. Қолданылған шаралардың арқасында өрт 04:24-те сөндірілді. Үй ішінен отқа күйген екі дене табылды. Әйел мен еркектің мәйіті. Өрттің себебі анықталуда",-делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1834447-zaa-zyl-tni-almatyda-biznes-ortalyk-rtendi/