Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында төбешіктен сырғанаған ер адам көз жұмды

Опубликовано:

Алматы облысында жергілікті тұрғынның қысқы демалысы өліммен аяқталды. Ер адам баллонға отырып, төбешіктен сырғанамақ болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/taldykorganec.insta
Фото: instagram.com/taldykorganec.insta: Depositphotos

Instagram желісіндегі "Талдыкорганец" парақшасында марқұмның туыстарының әңгімесі жарияланған.

Жас жігіттің туыстарының сөзінше, олардың бауыры төбешіктен баллонмен сырғанамақ болған. Алайда төменге қарай түсіп бара жатқан сәтті жас жігіт үрленген құралдан ұшып кетіп, жерге құлаған. Салдарынан ол омыртқа жотасын үш жерінен сындырып алған.

Оқиға 24 қаңтарда Текелі қаласы маңындағы шаңғы базасында болған. Жазба авторларының айтуынша, тағы да бір адам осыған ұқсас жарақат алып, зардап шеккен.

Сондай-ақ марқұмның туыстары тұрғындардың шағымына ешкімнің назар аудармайтынын, ал адамдар жарақат алып жатқанын хабарлады.

Алматы облысы ПД хабарлауынша, аталған дерек бойынша тергеу басталған. Сондай-ақ, мамандар тауарлар мен қызметтерді ұсыну қауіпсіздік талаптарына сай ма-жоқ па соны анықтауға бағытталған бірқатар сараптамаларды тағайындаған.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде сырғанаққа барған баланың жүк көлігінің астына түсіп, көз жұмғаны хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1838277-almaty-oblysynda-tbesikten-syrganagan-er-adam-til-tartpaj-ketti/

pixel