Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжікстан тұрғыны өзімен танысудан бас тартқан қызды тұншықтырып өлтірді

Опубликовано:

Тәжікстанда Истаравшан қаласы Гули Сурх елді мекенінің тұрғыны Фаррух Холмухамедов адам өлтіргені үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ca-news.org сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: ca-news.org
Көрнекі фото: ca-news.org: Facebook

Іс материалдарына сүйенсек, Фаррух Холмухамедов 2019 жылдың 12 маусымында Яси елді мекенінде тұратын қызды ұнатып, қасына танысуға барады. Жалғыз мал айдап жүрген ару белгісіз азаматты көргенде шошып, айғайлап жіберіпті. Ал ашуға булыққан Фарух оны орамалмен тұншықтырған. Бойжеткен оқиға орнында көз жұмады.

Енді Истаравшан тұрғыны бойжеткенді өлтіргені үшін 14 жылын түрмеде өткізеді.

Соғды облыстық сотында мәлімдегендей, облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасы Фаррух Холмухамедовтің арызын қайта қарап, 2019 жылы 29 тамыз күні шыққан үкімді күшінде қалдырған.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы Шалқар ауданында жасөспірім төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, дереу санавиациямен қалаға жеткізілді. Мектеп оқушысына ота жасалды. Ал күдікті деп танылған 9-сынып оқушысы қамауға алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1838682-tzikstan-trgyny-zin-krip-sosygan-kyzdy-tnsyktyryp-ltirdi/

pixel