Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордайдағы жанжал: Қаза болғандардың есімі жарияланды

Опубликовано:

Қазақстан дүнгендер қоғамының Алматы филиалы Жамбыл облысының Қордай ауданында болған жаппай төбелес кезінде қаза болғандардың аты-жөнін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Sputnik / Анна Соловьева
Көрнекі фото: Sputnik / Анна Соловьева: Depositphotos

Қайтыс болғандардың аты-жөні:

1. Исыров Баху, 1988 жылы туған

2. Чонтей Абдула, 1986 жылы туған

3. Харсанов Рам

4. Ясыров Малик, Сортөбе ауылындағы №17 орта мектептің қазақ тілі және информатика пәнінің мұғалімі

5. Шисыр Рахим

6. Хишанло Сулейман

7. Лохаш Лугмар (Бұлан Батыр ауылы)

8. Киров Исхар (Бұлан Батыр ауылы)

"Жерлеуді ұйымдастыруға көмектесу бойынша өтініштер түсіп жатыр", - деп хабарлады Қазақстан дүнгендер қоғамының Алматы филиалы.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.

Аталмыш оқиғаға қатысты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, қаза болғандардың отбасына көңіл айтты және зардап шеккендерге сауығып кетуін тіледі.

Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасымен үкімет комиссиясы құрылып, олар бүгін Қордай ауданына барды.

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған топ ауруханаға барып, жанжал кезінде зардап шеккен тұрғындармен және аудан ақсақалдарымен сөйлескен.

Сондай-ақ, үкімет комиссиясы Қордай, Масанчи, Ауқатты, Сортөбе елді мекендеріндегі қазіргі жағдаймен танысып, жергілікті тұрғындармен, оқиға кезінде қаза тапқандардың отбасыларымен бірқатар кездесу өткізеді, зардап шеккендерге барады, тұрғын үйлерді, әлеуметтік және коммерциялық нысандарды аралап көреді. 

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1840065-kordajdagy-zanzal-kaza-bolgandardy-esimi-zarialandy/

pixel