Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ерлі-зайыптылар ыстан уланып, көз жұмды

Опубликовано:

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өңірде ерлі-зайыптылардың ыстан уланып қайтыс болғанын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай Есіл қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде орын алды.

Бұл туралы Есіл аудандық полиция бөліміне 60 жастағы жергілікті тұрғын хабарлаған.

Әйел адамның сөзінше, ол ақпанның 19 күні бір тәулік бойы Тәуелсіздік көшесінде тұратын Александр және Надежда Науменко есімді ерлі-зайыпты туыстарына хабарласа алмаған және үйдің есігін ешкім ашпаған.

Осыдан кейін полиция қызметкерлері оқиға орнына аттаныпты.

"Үйдің есігін бұзып кірген құтқарушылар жатын бөлмедегі кереуетте ерлі-зайыптылардың мәйітін тапты. Алдын ала деректер бойынша, екеуі де иіс тиіп көз жұмған",- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осыған ұқсас жағдай Ақмола облысында да болып, Атбасар ауданында өртенген пәтерден 3 адамның мәйіті табылды.

Одан бөлек, Маңғыстау облысында үш бала анасымен бірге газдан уланып, көз жұмды.

Сондай-ақ, Екібастұзда пәтер өртеніп, 80 жастағы қарт анасы мен 1975 жылы туған баласының мерт болғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1842048-akmola-oblysynda-erli-zajyptylar-ystan-ulanyp-kz-zmdy/

pixel