Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бойжеткенді 14 ер адам зорлады": Нәрестенің әкесі туысы болып шықты

Опубликовано:

Өткен жылдың мамыр айында танымал адвокат Айман Омарова ел президентіне Қостанай облысында бір топ ер адамның клиентін зорлағанын мәлімдеген cоң, қырық азаматтың сараптамадан өтуі қажет болған. Қазіргі уақытта осы істі қарау қай сатыда екенін облыстық полиция басқармасының басшысы Бекет Айтмағамбетов айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
Қорғаушының айтуынша, қызды 14 ер адам зорлаған. Нәтижесінде сәби өмірге келді, ал қылмыскер жазаланбады.

Ол полицияға 2018 жылдың сәуірінде арыз жазған.

  • Осыдан кейін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120 бабы бойынша іс қозғалған. Алайда іс орта жолдан тоқтапты.
Елді елең еткізген оқиға көпшіліктің ашуын тудырғаннан кейін, іс қайта қаралған. Бұны ІІМ басшысы өз бақылауына алғаны белгілі болды.

Қостанай облысының тәртіп сақшылары барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізді.

Жәбірленуші көрсеткен барлық ер адамдардан ДНҚ сараптамасы алынған. Алайда олардың арасынан сәибдің әкесі анықталған жоқ.

Жәбірленушінің түсініктемесінде оның 2017 жылдың шілдесінде үйлену тойға барғаны анықталған. Сол кеште нәзік жанды 14 адам зорлады деген болжам бар.

Тергеу амалдары аясында видео кадрлары қаралып, түсініктемелер жиналды.

Куәгерлердің айтуы бойынша, бойжеткен мерекелік кеш барысында жоғалып кеткен. Кейде ер адамдар да сыртқа шығып отырыпты. Белгілі болғандай, 14 азамат бір уақытта көзден жырақтамаған.
  • Кейбір оқиға куәгерлері күдіктілердің бұл қадамға қыздың келісімен барған деген пікірде.

Қыз айыптаған ер адамдардың арасынан сәбидің әкесі табылмағанан кейін, ауылдағы барлық еркек кіндіктілерден сараптама алыныпты. Алайда бұл да нәтиже бермеген.

"Содан кейін біз жас келіншектің барлық таныстарын зерттеп, көрші ауылдағы ер адамдар арасында тестілеу өткізуге тура келді. Барлығы 40 азаматты тексердік. Содан кейін, қыздың туыстарының біріне шықтық. Ол қыздың келісімімен жыныстық қатынасқа түскенін растады", - деді Бекет Айтмағамбетов.

Баланың әкесі табылғаннан кейін, келіншек ер адамға шағымы жоқ екенін айта бастады.

Ол туысымен түрлі уақытта жыныстық қатынасқа түскен, алайда жақыны күдіктілердің арасында болмаған.

Қазіргі уақытта іс тоқтатылды.

Тек ер адамдар реніштерін білдіргені анықталған. ДНҚ сараптамасынан өтіп, полицияға түсіндіру көптеген отбасыларда үлкен жанжалға алып келіпті. Сол себепті қазіргі уақытта олар материалдық шығын және жеке өміріне кедергі келтіргені үшін шағым түсіндіргі келетіндерін білдірген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1842861-bojzetkendi-14-er-adam-zorlady-nresteni-kesi-tuysy-bolyp-sykty/

pixel