Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 180 мыңын букмекерге салып, ұтылған ер адам өзін өлтірмек болды

Опубликовано:

Түркістан облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған өңір тұрғынына қатысты іске тергеу жүргізуде. Оның құмар ойындарына бәс тігіп, 200 мың теңгеге жуық ақша ұтылғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ақымақ
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Түнгі уақытта аудандық медициналық мекемеге қолы кесіліп, жарақаттанған жас жігіт жеткізілген. Полиция қызметкерлері зардап шегушінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын анықтаған.

Polisia.kz жазуынша, ер адамның мұндай қадамға баруына бір жарым айда букмекердік кеңсеге 180 мың теңге ұтылуы себеп болған.

Аталмыш факт "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бабы бойынша тіркелді.

Одан бөлек, құқық қорғау органдарының қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған ер адам үлкен сома ұтылып қалған букмекерлік кеңсеге де тексеріс жасаған.

Жүргізілген іс-шараның барысында техника, ақша және басқа да заттай айғақтар алынған.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты да тергеу басталған.

Еске сала кетсек, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, "Олимп" букмекерлік кеңсесінің әкімшілігіне қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарладық. Тергеуге заңсыз ойын бизнесінің ұйымдастырылуы негіз болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram анамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1844672-trkistan-oblysynda-180-myyn-bukmekerge-salyp-tylgan-er-adam-zin-ltirmek-boldy/

pixel