Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда көпірден секіріп кеткен әйелді полицейлер құтқарды (фото)

Опубликовано:

Оралда әйел көпірден көлге секіріп кетті. Полиция қызметкерлері оны судан шығарып, аман алып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оралда әйел көпірден секіріп кетті (фото)
Фото: Медет Медресов/Мой ГОРОД: UGC

Оқиға 12 наурыз күні Шаған көлінде Дерқұл ауылына апарар жолдағы көпірде орын алған.

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі басшысының орынбасары Нұрбол Мендыхановтың айтуынша, кезекші бөлімге кешкі сағат 9-ға жуық қоңырау соғылып, әйелдің суға секіріп кеткені хабарланды деп жазады "Мой ГОРОД".

Оралда әйел көпірден секіріп кетті (фото)
Фото: Медет Медресов/Мой ГОРОД: UGC

Оқиға орнына бірден құқық қорғау органдары жіберілді. Оқиғаға жақын орналасқан үйлердің бірінде қайық болды. Оның көмегімен полицейлер жәбірленушіның жанына барып, оны жағаға жеткізді. Содан кейін келіншекті медициналық қызметкерлері ауруханаға жеткізді.

Әйелдің жасы шамамен 30-35-те. Алдын ала болжам бойынша, орын алған оқиғаның салдарынан келіншек бас сүйек-ми жарақатын алған. Қазіргі таңда науқас медициналық мекемеде бақылануда.

Тәртіп сақшылары оның неліктен мұндай қадамға барғанын анықтауда.

Естеріңізге сала кетейік, Коронавирус жұқтырған жанұя туралы хабарлама Орал тұрғындарын шошытты.

Оралда әйел көпірден секіріп кетті (фото)
Фото: Медет Медресов/Мой ГОРОД: UGC

Мессенджерлерде тараған дыбыстық жазбада Кореядан ұшып келген қазақстандықтардың алдымен елордаға, содан Орал қаласына жеткендігі айтылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1845202-oralda-kpirden-sekirip-ketken-jeldi-policejler-ktkardy-foto/

pixel