Нұр-Сұлтанда ер адам әйелінің көзінше оныншы қабаттан секіріп кетті (фото)
Жарияланған күні:
Нұр-Сұлтан қаласында 63 жастағы ер адам көп қабатты тұрғын үйдің оныншы қабатынан секіріп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам оқиға орнында көз жұмған
"1957 жылғы азаматтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әйелінің айтуынша, 15 сәуір күні сағат 13.48-де күйеуі оныншы қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кеткен", - делінген хабарламада.
Ведомство қылмыстық іс аясында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа байланысты төтенше жағдай кезінде екі бала терезеден құлап кетіп, бірі оқиға орнында қайтыс болды.
Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1290-ға жеткен.
Ал әлемде коронавирус жұқтырғандар мен көз жұмғандар бойынша АҚШ көш бастап тұр.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, елде COVID-19-дан қайтыс болғандар 25 мыңнан, вирус жұқтырғандар 612 мыңнан асқан. BNO News мәліметінше, 33,8 мың пациент COVID-19 инфекциясын жеңіп шыққан.
Вирусты ең көп жұқтырған екінші мемлекет Испания болып отыр. Онда 172 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған. Айта кету керек, бұл елде жазылып шыққандар АҚШ-тан екі есеп көп. Испанияда 65 мыңға жуық адам КВИ-ден сауыққан.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1850950-nr-sltanda-er-adam-jelini-kzinse-onynsy-kabattan-sekirip-ketti-foto/