Қарағанды тұрғыны қала күзетіп жүрген әскерилермен төбелесіп қалды
Опубликовано:
26 жастағы Қарағанды тұрғыны қаланы күзетіп жүрген әскери қызметшілермен төбелесіп қалды. Оқиға куәгерлер камерасына түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды тұрғыны мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі арасындағы төбелестің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Ролик авторы оқиғаның Майқұдық аудандарының бірінде болғанын хабарлады.
Кадрлардан азаматтық киімдегі жігіттің әскерилердің қолынан сытылып шыққысы келіп, оларды бірнеше рет баспен ұрғанын байқауға болады. Бейнероликте бар жағдайды бақылап тұрған кішкентай бала да бой көрсетеді.
Қарағанды облсыстық полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство ақпарынша, қала тұрғыны мен әскери қызметші арасындағы текетірес расымен Майқұдық ауданында орын алған.
Қаланы күзетіп, тәртіпті қадағалап жүрген Ұлттық ұлан сарбаздары 14-ықшам ауданда карантинге қарамастан қыдырып жүрген азаматты байқаған.
Тексеріс барысында азамат өзін агрессивті ұстап, әскерилерге шабуыл жасаған.
Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 293- бабы 2- бөлімі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, Шымкентте карантин кезінде қонақ шақырып, ауызашар берген екі азамат қамауға алынды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1853737-karagandy-trgyny-kala-kzetip-zrgen-skeri-kyzmetsimen-tbelesip-kaldy-video/