Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жарылыс пен өрт тұрғындарды шошытты (видео)

Опубликовано:

Оңтүстік астанадағы Жетісу ауданы тұрғындары өрт пен жарылыс туралы хабарлаған. Белгілі болғандай, оқиға орнында газ тасымалдаушы өртенген екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы жарылыс пен өрт тұрғындарды шошытты (видео)
Видеодағы кадрлар: UGC

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті Жетісу ауданындағы Ратушный көшесінде газ тасымалдаушы көлік өртеніп кеткенін хабарлады.

Өрт газ құю бекеті мен газ баллондарды сақтайтын қоймаға ұласқан екен.

Нәтижесінде қоймадағы газға толы ыдыстар бірінен соң бірі жарыла бастаған. Көлемі 100 текше метрді құрайтын баллон жарылу қаупі болған. Бұл жағдай өрттің жақын маңдағы үйлерге таралуына әкелуі мүмкін еді.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап, адам өлімі мен қауіп-қатердің алдын алды. Қазіргі таңда өрт толығымен сөндірілді.

Естеріңізге сала кетсек, еліміздің сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындағы өрт салдарынан екі қазақстандықтың қайтыс болғанын мәлім еткен болатын.

Ақпаратты еліміздің сыртқы істер ведомствосы растады. Өрт салдарынан барлығы 38 адам қайтыс болып, тағы 10 адам түрлі жарақаттар алған.

Оңтүстік Корея билігінің хабарлауынша, қайтыс болғандардың тек 29-ының аты-жөні анықталды. Олардың арасында Қазақстанның екі азаматының бары белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1853977-almatydagy-zarylys-pen-rt-trgyndardy-sosytty-video/

pixel