Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев блок-бекетте қаза болған полицейлердің жақындарына көңіл айтты

Опубликовано:

Оңтүстік астана әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін таңертең Алматыдағы блок- бекеттердің бірінде болған жол апатынан қаза тапқан тәртіп сақшыларының жанұялары мен жақындарына көңіл айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сағынтаев жол апатынан қаза тапқан полицейлердің жанұясына көңіл айтты
Фото: NUR.KZ: Original
"Блок-бекетте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың жол апаты оқиғасынан қаза болуына байланысты отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды қала басшысы Twitter әлеуметтік желісінде.

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған ер адам әуелі бетон қоршауға соғылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомство күдіктінің мас күйде болуы мүмкін екенін атап өтті. Ол қамауға алынған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1857291-sagyntaev-blok-bekette-kaza-bolgan-policejlerdi-zakyndaryna-kil-ajtty/

pixel