Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жол үстінде жаппай төбелес орын алды (видео)

Опубликовано:

Желіде Ақтау қаласында орын алған жаппай төбелестің видеосы тарап кетті. Жас жігіттер арасындағы қақтығыс көліктер жүретін жолдың қақ ортасында өткен деп жазады KAZ.NUR.KZ. lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Жаппай төбелес. Коллаж: NUR.KZ (Видеодан кадр: Lada.kz / YouTube)
Жаппай төбелес. Коллаж: NUR.KZ (Видеодан кадр: Lada.kz / YouTube): UGC

Видеодан бір топ жас жігіттердің 29-шағынауданда жолдан жүгіріп өтіп бара жатқанын көруге болады. Оған қоса, олардың бір-біріне айқайлап, өзара ұрысқаны естіледі.

Қалалық полиция департаменті басылымға аталмыш жағдайға қатысты пікір білдірген. Құқыққорғау органы оқиға 25 мамырда түнгі уақытта орын алғанын мәлімдеді.

Полицияның хабарлауынша, төбелеске қатысқандар 19 бен 22 жас аралығындағы жігіттер болған.

Тәртіп сақшылары олардың барлығын ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Оларға "шағын бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап бойынша бірден тәртіп бұзған 12 азамат өтті.

Айта кетейік, бұған дейін автокөлік үстіне іш киіммен шығып, тәртіп бұзған астаналық жауапқа тартылған болатын.

Тәртіп сақшылары темір тұлпардың төбесіне шыққан жігітке қос әкімшілік бап бойынша 9723 теңге айыппұл бекітті. Көлік жүргізушісін тексеру барысында оның көлік жүргізу куәлігінің мерзімі өткені және автоның сақтандыру құжаты жоқ екені анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1857591-aktauda-zol-stinde-zappaj-tbeles-oryn-aldy-video/

pixel