Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дулат Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Опубликовано:

Елорда прокуратурасы қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/dulatagadil
Фото: instagram.com/dulatagadil: Depositphotos

Тергеу қоғам белсендісінің өліміне дейінгі оқиғалардың толық хронологиясын жасап шығарды.

Прокуратураның мәліметінше, Ағаділге ешқайда кетпеу туралы қолхаттың талаптарын бұзып, тергеу органынан бас тартқан күдікті ретінде іздеу жарияланған. Сол себепті сот оған қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, қамауға алуға шешім шығарды.

Осылайша, сот шешімін орындау шеңберінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстау және оны қамауға алуды заң аясында жүзеге асырды.

Ағаділдің өлімінің себептері мен мән-жайын тәжірибелі сот-медициналық сарапшылар комиссиясы мен жоғары дәрежелі кардиолог маман мұқият зерттеп шыққан.

Зерттеуге марқұмның туған-туыстарының өтініші бойынша тартылған сарапшылар да қатысты.

Олар Ағаділдің өліміне өткір миокард инфарктісі себеп болғанын анықтады. Қан тамырларының жиырылып, түйілуінен қан ұйып, жүректің сол жақ қарыншасына толығымен жетпеген.

Сарапшылар марқұмның денесінен ешқандай жарақат таппаған.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 25 мамырында Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Еске сала кетейік, осы жылдың 25 ақпанда елордадағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қайтыс болғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1857924-dulat-agadildi-limine-katysty-kylmystyk-is-toktatyldy/

pixel