Шығыс Қазақстан облысында ұшақ өртенді
Опубликовано:
Бүгін сағат 15:31-де қонғаннан кейін "Тараз Жаңа Әлем" жеке әуе компаниясының АН-2 ұшағы тұтанды. Әуе кемесі Семей-Үржар бағыты бойынша TJA5221 санитарлық рейсін орындаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Ұшақ 15:25-те қонды. Өрт ұшақ жерге қонғаннан кейін орын алды, әуе кемесінің бортында адамдар болған жоқ. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы оқиға тергеуін бастады", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1858174-sygys-kazakstan-oblysynda-sak-rtendi/