Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қапшағай маңында ерлі-зайыптылар мінген дельтаплан құлады

Опубликовано:

Алматы облысының Қапшағай қаласының маңында ерлі-зайыптылар мінген дельтаплан құлаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Алматы облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 мамыр кешкі тоғыздар шамасында "Алматы-Өскемен" тасжолының 82-ші шақырымында, яғни, Бақанас ауылының маңында екі кісілік дельтапланның құлағаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Бұл жайттан 1996 жылғы азаматша зардап шегіп, Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілген. Ұшу құралы - жекеменшік екені де хабарланды.

Ұшқыштың сөзінше, олар шамамен 5-10 метр биіктікке көтерілген кезде дельтапланның қозғалтқышы өшіп қалған.

1979 жылғы азамат ұшу құралын шамасы келгенше басқара отырып, жолдың жиегіне құлаған. Оқиға орнына төтенше жағдай қызметінің 10 маманы мен 3 техника барған.

Еке сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында Семей-Үржар бағыты бойынша TJA5221 санитарлық рейсін орындаған ұшақтың жерге қонғаннан кейін өртенгенін хабарлаған едік.

Ұшақ "Тараз Жаңа Әлем"жеке әуе компаниясына тиесілі болған.

Аталған факті бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жұмысьарын бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1858399-kapsagaj-maynda-erli-zajyptylar-mingen-deltaplan-klady/

pixel