СҚО-дағы кәсіпорында болған жаппай төбелестен 10 адам зардап шекті
Опубликовано:
Солтүстік Қазақстан облысындағы ЖШС бірінің аумағында болға жаппай төбелестен 10 адам зардап шеккен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Басылымының мәліметінше, 2 маусым күні Тайынша АПБ кезекші бөліміне "Обуховский ГОК" ЖШС-нің кіре берісіне көлік құралдарымен 30 шақты адамның келгендігі жайында хабарлама келіп түскен.
Осыдан кейін шұғыл түрде тау-кен байыту комбинаты мүліктік кешенінің аумағына АПБ жедел-тергеу тобы жіберілген.
Анықталғандай тау-кен байыту комбинатының қоршалған аумағына Қарағандыдан Тиолайн" ЖШС-нің жеті құрылтайшыларының екеуі қарағандылық күзет агентікттеріндегі өкілдерімен келген.
Тау-кен байыту комбинатының аумағына кіруге оқталған кезде күзет агенттіктері және ұйым қызметкерлері мен "Обуховский ГОК" ЖШС-ті күзетуді жүзеге асыратын күзет агенттіктері және ЖШС өкілдері арасында жанжал туындаған.
Салдарынан Тайынша ауданының және Ақмола облысының емдеу мекемелеріне түрлі дене жарақаттарымен 10 адам жүгінген.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.
Сондай-ақ, күзет агенттіктерінің өкілеттіліктерді асыра пайдалану фактісі де Қылмыстық кодекстің 252-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.
Сонымен қатар 1994 және 1998 жылдары туған екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1858755-sko-dagy-ksiporynda-bolgan-zappaj-tbelesten-10-adam-zardap-sekti/