Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраудағы газ құю бекетінде жарылыс болып, 4 адам зардап шекті (видео)

Опубликовано:

Атырау қаласындағы газ құю станциясында жарылыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атырауда газ құю стансасында жарылыс болды: Зардап шеккендер бар
Фото: Куәгерлерден: UGC

Куәгерлер желіде оқиға орнында түсірілген видеолармен бөлісіп, жарылыс естігенін айтып жатыр. Аталған жағдайға қатысты салалы ведомство жауап берді.

Департаментте бүгін таңертең облыс орталығында Атамбаев көшесі бойында орналасқан жанармай құю бекетінде ақау орын алғанын мәлімдеді.

  • Бұл нысан "ПромГаз"ұйымына тиесілі.

Жарылыс қоспаны ағызу кезінде орын алған. Содан кейін Ford автоцистернасы жанып кеткен. Салдарынан оқиға орнынан 60-70 метр қашықтықта орналасқан ғимарат қираған.

Өрт таңғы сағат 10 шамасында сөндірілді. Оқиға орнына 25 өрт сөндіруші мен төрт өрт сөндіру көлігі барды.

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам зардап шекті. Олардың қатарында станция қызметкері, газ тасушы және екі құтқарушы бар. Олар шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат әзірге нақты ақпарат жоқ.

Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайы тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, күні кеше Алматыда қоғамдық көлік отқа оранды. Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған мәліметтерге сәйкес, Алматының Медеу ауданында қалалық автобус өртенген. Оқиға Әл-Фараби даңғылынан төмен, Назарбаев көшесінің бойында орын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1859036-atyraudagy-gaz-ku-beketinde-zarylys-bolyp-4-adam-zardap-sekti-video/

pixel