Қостанай облысында өртенген саяжайдан үш адамның мәйіті табылды

Опубликовано:

Қостанай облысының Лисаков қаласындағы саяжайда өткен түнде өрт шығып, салдарынан үш адам қайтыс болды. Олар бір жанұяның мүшелері болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысында өртенген саяжайдан үш адамның мәйіті табылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Шақыру түскен соң оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бір жарым сағат ішінде 35 шаршы метр аумақты жайлаған тілсіз жауды ауыздықтаған.

Жалын сөндірілгеннен кейін күлдің арасынан 1955 жылы туған әйел адам, оның 36 жастағы ұлы мен немересінің мәйіті табылған.

  • Қазір мамандар өрттің шығу салдарын зерттеп, тергеу жұмыстарына кірісті. Болжам бойынша саяжайдың өртенуіне отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін.

Оқиға орнында болған өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Орынбаев оқиғаның мән-жайын тілшілерге телефон арқылы жеткізді. 

"Электр тоғы жоқ. Пеш те жоқ. Полицейлердің айтуынша, олар ішімдікке салынған, тіркеуде болған екен. Оқиғаның себебі отты дұрыс пайдаланбаудан деп болжап отырмыз. Осы жылдың мамыр айында біздің қызметкерлер саяжайда профилактикалық жұмыстар жүргізіп, сол үйде болған. Саяжай иесінің өрт қауіпсіздігін ескеру деген қол қойылған нұсқаулығы бар", - деп мәлімдеді Орынбаев.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Лисаковск қаласының 41 жастағы тұрғыны жұмыс орнында жыныс мүшесін кесіп тастағаны туралы хабарланған еді.

Ер адам ірі кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді. Қостанай облысының полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1859173-kostanaj-oblysynda-rtengen-saazajdan-s-adamny-mjiti-tabyldy/