Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанға жақын орналасқан демалыс базасы өртенді (видео)

Опубликовано:

Елордаға жақын орналасқан Аstana Resort демалыс аймағы бүгін, 10 маусымда, түстен кейін өртке оранды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 45 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қызыл жалынды ондаған өрт сөндіруші ауыздықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанға жақын орналасқан демалыс базасы өртенді (видео)
Видеодағы кадрлар: ҚР ІІМ ТЖК, instagram.com/astana_sergek_kz: UGC

Комитеттің мәліметінше, Astana Resort эко-кешені Жібек жолы ауылында орналасқан, ал бұл ауылдың аумағы негізі Ақмола облысына қарасты, бірақ демалыс орны елордадан жарты сағаттық жерде орналасқан.

Кешен аумағында 3 қонақ үй, сауна және асхана бар. Төтенше жағдай кезінде онда 30 қонақ пен демалыс аймағының 15 қызметкері болыпты.

Қуанышқа орай, өрттен зардап шеккендер мен шығындар болған жоқ: кешендегі барлық адамдар демалыс орнынан шығып үлгерді. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды құрықтау үшін бір сағат уақыт жұмсады. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 1,5 мың шаршы метр аумақты жайпаған.

Қызыл жалынды ауыздықтау үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің, елордалық төтенше жағдайлар департаменті мен "Астана Орманы" ұйымының 30 шақты өрт сөндірушісі жұмылдырылды. Сондай-ақ, комитеттің баспасөз қызметі ғимараттардың бірінің күлге айналғаныы анық көрінетін бейнеролик жариялады.

Желі қолданушылары да өртті видеоға түсіріп, бөлісуде.

Ескертеміз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Еске сала кетсек, Шымкент қаласында "Бекжан" базарының алдындағы аяқкиім сататын дүңгіршіктер өртенгені жайлы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1859815-nr-sltanga-zakyn-ornalaskan-demalys-bazasy-rtendi-video/