Өскеменде 37 жастағы ер адам сатушыны мылтықпен қорқытып, дүкенді тонап кетті
Опубликовано:
Өскеменде шолақ мылтықпен қаруланған ер адам дүкенге басып кіріп, кассадан ақша алып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 13 маусым кешкі сағат 18.20 шамасында Гагарин бульварында орналасқан дүкенге қолына шолақ мылтық ұстаған ер адам қарақшылық шабуыл жасаған. Ол дүкеннің сатушысын қарумен қорқытып, кассадағы ақшаны тонап кетті.
"Аталған факті негізінде криминалды полиция қызметкерлері шұғыл шара қабылдап, 1983 жылы туған облыс орталығының тұрғыны ұстады. Қазіргі таңда ҚР ҚК 192-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған", - деп мәлім етті полицейлер.
Күдікті уақытша изоляторға қамалған.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Жамаубаев есептік кездесу барысында елімізде 26 ұйымдасқан қылмыстық топ пен ірі есірткі трафигі тәркіленгенін мәлімдеді.
Министрдің сөзінше, ЭТҚ қызметкерлері қысқартылғаны қалғандарына жалақыны көтеріп, жемқорлық қаупін азайтуға көмектескен.
Одан бөлек, ведомство өкілі экономикалық сипаттағы маңызды қылмыстардың ашылғанына назар аударды. Мәселен, Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері 26 ұйымдасқан қылмыстық топ пен героиннің ірі есірткі трафигін жойған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1860317-skemende-37-zastagy-er-adam-satusyny-myltykpen-korkytyp-dkendi-tonap-ketti/