Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысындағы жасөспірімдер төбелесі пышақтасумен аяқталды

Опубликовано:

22 маусым күні Түркістан мен Кентау арасындағы ауылдардың бірінде жасөспірімдер төбелесіп қалды. Кикілжің барысында олардың бірі 15 жастағы балаға пышақ жарақатын салған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысындағы жасөспірімдер төбелесі пышақтасумен аяқталды
Көрнекі фото: azh.kz: Instagram

Аталған күні ауруханаға 2005 жылы туған жасөспірім түскен. Оның оң жақ кеуде тұсында терең пышақ жарақаты болған, оң өкпесі зақымданған. Мектеп оқушысына бірден ота жасалған, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Түркістан қаласындағы балалар ауруханасының бас дәрігері Әбдішүкір Егізабев баланың жағдайы туралы айтып берді.

"Басында зардап шеккен жасөспірім үйіне барып, артынша травматологиялық пунктіге жүгінген. Ол жақтан жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Біз бірден томография жасадық. Кеуде қуысында қан көп болды. Жарақат кеудесінің оң тұсында, өкпесі зақымданған. Бірден ота жасадық. Қан кетуді тоқтаттық. Қазір 15 жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр. Есін жиды. Жағдайы тұрақты ауыр", -дейді ол.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 24- бабы бойынша (Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға әрекеттену) және Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Қазір сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның анық-қанығы тексерілуде.

Айта кетейік, осыған дейін Шыментте жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болып, 17 жастағы тұрғын қайтыс болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1861893-trkistan-oblysyndagy-zasspirimder-tbelesi-pysaktasumen-aaktaldy/

pixel