Ұзынағашта атыс болып, екі адам жараланды (видео)
Опубликовано:

Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында атыс болып, екі адам жарақат алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Instagram желісіндегі @kris_p_kz парақшасында Ұзынағаштағы атыстың видеосы жарияланды.
Кадрларда атылған оқ пен әйелдердің айқайлаған даусы естіледі.
Zakon.kz порталының жазуынша, Алматы облысы ПД оқиғаның 24 маусымда болғанын хабарлаған.
Полицияның айтуынша, таныс адамдар арасында жанжал шыққан. Салдарынан екі адам оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылған. Тағы екі күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Заттай айғақтар - аңшы мылтығы мен шоқпар алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабы кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша Жамбыл ауданы ПБ тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелді", - деді полиция.
Еске сала кетсек, Шымкент қаласындағы мейрамханалардың бірінің жанында атыс орын алып, салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болған еді.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, атыс кезінде жарақат алған тағы бір жігіт аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Сондай-ақ, Атырау облысында орын алған төбелес кезінде танымал 18 жастағы спортшы, жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Сиғуатов Есенбектің жүрегіне оқ тиіп, көз жұмғаны хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1869037-zynagasta-atys-bolyp-eki-adam-zaralandy-video/