Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

203 млн теңге бөлінген: Атырауда ту тұғырдың неліктен құлағаны белгілі болды (фото)

Опубликовано:

ту
Фото: Ақ Жайық газеті

Атырауда өткен жылы қатты желден құлаған ту ілетін тұғырға сметада көрсетілген сомадан үш есе аз ақша жұмсалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақ Жайық газетіне сілтеме жасап.

Атырау облыстық прокуратурасы таратқан ақпаратқа сәйкес, жобалық-сметалық құжаттама талаптарына қарамастан, мердігер авторлық бақылаушының келісімінсіз ту орнатқаны анықталды.

"Оның құны сметада көрсетілген 203 миллион теңгеден үш есе аз. Облыстың құрылыс басқармасы заңнама талаптарын бұзып, ту тұғырды ауыстыруға өз бетінше келісім берген", - деді қадағалау органы.

Ведомство өкілдері бұл жағдай адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін жеткізді. Енді аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактісі бойынша материалдар сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданбақ.

Ал қалпына келтіру жұмыстарын мердігер өз қаражатына жүргізетіні белгілі болды.

Айта кетейік, 2019 жылы желтоқсан айының соңында Атырау қаласындағы Республика алаңында тұрғызылып жатқан биіктігі 91 метрлік құрылым қатты желге шыдамай құлаған болатын.

ту тұғыр
Фото: Ақ Жайық

Еске сала кетсек, осыған дейін Атырауда көлік полицейлері тыйым салынған аудиожазбаны сақтаған "ВКонтакте" парақшасының иесін жауапқа тартқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1869516-203-mln-tege-blingen-atyrauda-tu-tgyrdy-nelikten-klagany-belgili-boldy-foto/

pixel