Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жолды кесіп өтпек болған әйелді екі бірдей көлік қағып өлтірді

Опубликовано:

Алматыда келіншекті екі көлік қағып кетті
Фото: Sputnik Қазақстан

Алматыда белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кетті. Келіншек алған жарақат салдарынан жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның өзімен бірге құжаттары болмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Апат Майлин көшесінде болған. Volkswagen Golf және Toyota Mark 2 көліктері бір бағытта қозғалып бара жатқан. Әйел жолды кесіп өтпек болған кезде Volkswagen жүргізушісі тоқтап үлгермеген. Соққы күшімен әйел Toyota-ға қарай ұшып кеткен.

Әйел алған жарақат салдарынан жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмды. Өзімен бірге құжаттары болмаған.

Жол полициясының қызметкерлері мен криминалистер апаттың мән-жайын анықтап жатыр. Жерүсті өтпе жолы апат орнынан небәрі 50 метр қашықтықта екені айтылып отыр.

Айта кетейік, күні кеше Алматы көшелерінің бірінде автокөлік өртеніп кеткенін хабарлаған болатынбыз. Оңтүстік астана полициясы жантүршігерлік жол апатының мән-жайын айтып берді.

Оған дейін елордада жедел жәрдем көлігі "Астана Опера" театрының жанындағы жаяу жүргіншілер көпіріне соғылған.

Ал бүгін СҚО-да “К-700” тракторының аударылуы салдарынан 43 жастағы механизатор көз жұмғаны белгілі болды. Нақтырақ айтсақ, 24 тамызда Тайынша ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қарағаш ауылының шетінде орналасқан ЖШС шөп үйетін аумағында сағат 17 шамасында “К-700” тракторының жүргізушісі аударылып қалғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Оқиға орына шыққан жедел-тергеу қызметкерлері механизатордың сүрлем сақтайтын қамбада ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізіп жатқан кезінде аударылып, кабинасына төңкеріліп тұрып қалғанын анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1871533-almatyda-kelinsekti-eki-klik-birdej-kagyp-ketti/

pixel