Көміп кеткен: Көкшетауда жоғалған 13 жасар қыздың денесі табылды

Опубликовано:

мәйіт
Көрнекі фото: van-horn.net

Көкшетауда 20 тамыз күні шаштаразға барамын деп жоғалып кеткен 13 жасар қыздың денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«28 тамыз сағат 17:45 кезінде Көкшетау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Краснояр кентінен 5 шақырым жердегі орман алқабынан жоғалған жасөспірім Әйгерім Хайдарованың жерге көмілген денесін тапты», - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында 20 тамыз күні шаштаразға барып, жоғалып кеткен 13 жастағы қызды іздестіру жұмыстары жүріп жатқаны туралы жазған едік.

Ведомство Әйгерім Хайдарова жоғалып кеткен күні оны көруі мүмкін деген 200-ден астам адамнан жауап алынғанын нақтылады.

Еріктілер 20 тамыз күні түстен кейін Әйгерім өзі тұратын туыстарының үйінен 1-2 шақырым жерде Красный Ярдағы шаштаразға барғанын хабарлаған еді.

Ол салонға кірген, бірақ онда Әйгерімге қажет бояу болмаған көрінеді. Кейін қыз шығып кеткен, содан бері ол туралы ешқандай хабар болмаған.

Сонымен қатар, бұған дейін Талдықорған қалалық полициясы 2005 жылы туған Әділет Мақсатұлы Нүсіпбаевқа іздеу жариялағанын хабарлаған едік.

Ол 12 тамызда үйінен белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1871704-kmip-ketken-kksetauda-zogalgan-13-zasar-kyzdy-denesi-tabyldy/