Атырауда телефон арқылы бопсалауға ұшыраған әйел өз-өзіне қол жұмсады

Опубликовано:

Ұялы телефон1
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамның бопсалауына ұшыраған әйел адам өзіне қол салған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.

Басылымға бопсалаушының кесірінен өз-өзіне қол жұмсаған әйел адамның әпкесі хабарласқан.

Оның айтуынша, ажырасқаннан кейін балаларын өзі тәрбиелеп жүрген сіңлісі "ДругВокруг" әлеуметтік желісінде Түркістан тұрғынымен танысып, хат алмасып жүреді. Марқұмның ойынша, екеуінің арасында сезім оянған.

Өткен жылдың желтоқсан айында ер адам Атырауға келіп, олар бірнеше күнді бірге өткізген.

Ол ұйықтап жатқанша әлгі "досы" оны суретке түсіріп, телефонында сақталған барлық нөмірлерді көшіріп алған.

Туыстары ер адам оны интимдік суретке түсіру үшін тамағына немесе сусынына бір нәрсе қосып жіберген деп күдіктенеді. Өйткені әйел өте қарапайым адам болған және бұлай суретке түсуге батылы жетпес еді деп тұжырымдайды.

Басылымның жазуынша, содан кейін ер адам суреттерді таратпау үшін ақша талап ете бастаған.

Әйелдің табысы аз - шамамен 50 мың, ал ол бірден 100 мың немесе 200 мың теңгеден талап етіп отырған. Ал марқұм мүмкіндігі жеткенше төлеп келген.

Ұзақ уақытқа дейін туыстары бұл туралы ештеңе білмеген, тек оларға телефон соға бастағасын ғана білген.

Ол әлгі әйелді нашар адам деп, суреттерін жібере бастаған. Тіпті түн ішінде, мас күйінде және әртүрлі нөмірлерден телефон шалатын болған. Салдарынан бөтен нөмірден қоңырау шалынса әйел де, оның туысқандары да қорқа бостап, түнде телефондарын өшіріп қоятын болған.

Дегенмен бұндай қысымды көтере алмаған марқұм әйел сотқа жүгінеді.

Басылымның мәліметінше, сотта бопсалаушы өз кінәсін мойындап, өкініп, кешірім сұраған және енді бұндай әрекет қайталанбайды деп уәде берген. Сот ҚР ҚК-нің 194-бабы ("Бопсалау") бойынша оның бас бостандығын екі жылға шектеуге үкім шығарған.

"Қалай екенін білмеймін, бірақ ол Атыраудан - алдымен Түркістанға, кейін Қызылордаға кетіп қалған. Бір қызығы, әпкеме телефон арқылы хабарласып, әбден мазасын алады. Балағаттап, ақша талап етті.
Бізге де телефон соғып, айтпағаны жоқ, тіпті бір туысымызды бопсалады. Мүмкін, ол оның жалғыз құрбаны емес шығар, мүмкін біреу әлі күнге дейін оның әрекетінен зардап шегіп жүрген болар. Біз әпкемізге полицияға қайтадан жүгінуге кеңес бердік. Ол арыз беріп, тергеуші істі сотқа жіберді. Бірақ сот оның жазбаша өтініші болмағасын істі қараған жоқ", - дейді Айгүл.

Марқұмның туыстары ол қайтыс болғаннан кейін тергеушіден неге өтініш жазу керек екенін ескертпегенін сұраған. Тергеуші өз кезегінде қоңырау шалғанын, бірақ марқұм әйелдің жауап бермегенін айтқан.

"Тағы да қайталап айтамын, ол бөтен нөмірден түскен қоңыраудан қатты қорқып қалған. Тергеуші оған хабарлама жазып жіберуі керек еді... Әпкем азаптаушымен сөйлескен күйде, асылып қалған. Оның асылып тұрған күйіне тап болғанымызда телефонның арғы жағындағы дауыс әлі боспасалап айқайлап жатты", - дейді Айгүл көз жасын тыя алмай.

Басылымның мәліметінше, Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған.

Бірқатар сараптама тағайындалған, тергеудегі адамның орналасқан жері анықталуда екен.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды интимді видеомен бопсалаған күдіктінің ұсталғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ Қостанайда кәмелет жасқа толмаған баланы әлеуметтік желі арқылы бопсалаған алаяқтың қолға түскенін жазған болтаныбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1871791-atyrauda-telefon-arkyly-bopsalauga-syragan-jel-z-zine-kol-zmsady/

jitsu gif