Маңғыстауда бірнеше адам өлтірген ресейлік аса қауіпті маньяк жасырынғаны рас па

Опубликовано:

Валерий Андреев
Фото: Ресей ІІМ

Маңғыстау облысы полиция департаменті Ақтаудағы психиатриялық емханада бірнеше адам өлтірген ресейлік аса қауіпті қылмыскер Валерий Андреев жатыр деген ақпаратқа қатысты түсінік берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство ақпарынша, полицейлер Ақтау психиатриялық ауруханасын, бейімдеу орталығы мен басқа да мекемелерді тексеріп шыққан. Аталған орындарда ресейлік аса қауіпті маньяк болуы мүмкін деген ақпарат расталған жоқ деп жазады Lada.kz.

Дегенмен, өңірдің полиция департаменті қылмыскерге қатысты деректерді бақылауға алды. Тәртіп сақшылары тұрғындарды дүрбелеңге салынбауға, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырып отыр. Қалалық психиатриялық емхана да науқастардың бірі - сегіз жыл бойы іздеуде жүрген Валерий Андреев деген мәліметті теріске шығарды.

Айта кетейік, осыған дейін қандықол қылмыскерді іздеуге арналған арнайы пабликте ол Ақтаудағы психауруханада жасырынып жатуы мүмкін деген ақпарат пайда болды. Қаскөйді Қазақстанның басқа қалаларында көрдік деген адамдар да табылды.

Валерий Андреевті Ресей Ішкі істер министрлігі ұзақ уақыт бойы іздеп келеді. Ол әйелімен және екі ұлымен ресейлік қалада тұрған. Ешқандай жағымсыз әдеті болмаған. Алыс жолда жүк көлігін жүргізуші болып жұмыс істеген.

Тергеу ақпараттары бойынша, Валерий жолда келіншектерді жеткізіп тастауға уәде беріп, артынша оларды зорлап, өлтіріп отырған. Ал полиция ізіне түскен соң қашып кеткен. Қаскөй әлі де жасырынып жүр.

Айта кетейік, Алматыда бұрынғы прокуратура қызметкері мен бұрынғы банк қызметкері бірлесіп қыз зорлағаны үшін күдіктелуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1872233-magystauda-birnese-adam-ltirgen-resejlik-asa-kauipti-manak-zasyryngany-ras-pa/

jitsu gif