Еденді тесіп, төбеден құлаған әйел видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Құлады
Көрнекі фото: Видеодан кадр

Желіде әйелдің төбені тесіп, құлап бара жатқаны бейнеленген видео пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Америкалық Лиз Сун Миллан танымал TikTok желісіне видео түсіріп жатқан кезде кенеттен оның артын жағында әлдекімнің төбені тесіп, төменге құлап бара жатқанын көруге болады.

Виздеода қираған төбе мен келіншектің аяғы ғана бейнеленген.

BuzzFeed News басылымының хабарлауынша, Лиз тыңздалымға қатыспақ болған, сол үшін кастингке ән дайындап жүріпті. Ол видеоны қосып, дайындығын бастайын деген кезде шатырда жүрген анасы еденді тесіп, төменге бір-ақ құлаған. Белгілі болғандай, еден әйелдің салмағын көтере алмапты.

Әйел құлау кезінде жарақат алған жоқ.

Видео желіге тарап, төрт күнде TikTok-та 5,3 миллион қаралым жинады.

Естеріңізге сала кетейік, Акуламен бетпе-бет келген әйел сабырлылығының арқасында аман қалғанын хабарлаған едік.

АҚШ-тың Майами қаласының тұрғыны Исо Мачадо Багам аралдарының тұнық, мөлдір суына түскен сәтте қайықтағы қонақтар дабыл қаға бастаған.

Акуланы бірінші болып байқаған экипаж мүшесі мұны Исоның достары мен отбасына хабарлаған. Сол кезде әйелдің ұлы Энтони анасына көмектесуді ұйғарып, бар күшімен айқайлай бастаған.

Ол акуламен бетпе бет келген Исоға сабыр сақтап, уайымдамауға кеңес берген.

Сондай-ақ, айта кетейік, онлайн сабақта отырған оқушылар мұғалімнің артындағы елестен шошынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1872269-edendi-tesip-tbeden-klagan-jel-videoga-tsip-kaldy/