БҚО-да бір отбасыны қырып кеткен қылмыскерлер Ресейден іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

кісі
Көрнекі фото: pxhere.com

Батыс Қазақстан облысында бір отбасын өлтіріп кеткен қанды қол қарақшылар Ресейден іздестіріліп жатыр. Оралдық полиция Ресейдің көршілес облыстарына арнайы сұрау салған деп жазады KAZ.NUR.KZ Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, қазір қылмыстық істі тергеу амалдары тоқтап тұр.

Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Николай Колоницкийдің айтуынша, тергеу мерзімі уақытынан асып кеткен. Яғни, ол процессуалдық тұрғыда тоқтатылған.

"Полиция келген кезде оқиға орнында қылмыскерлер болмаған. Бірақ сол жерден түрлі айғақ заттар табылды. Табылған саусақ таңбаларын да тексеріп жатырмыз. Ресейлік әріптестерімізге де хат жолдап, сұрау салдық. Тергеу ісі әлі аяқталмағандықтан, қалған ақпаратты айта алмаймын. Қылмысын жасыру мақсатында қарақшылар үйді өртеп кеткен", - дейді БҚО ПД Тергеу басқармасының басшысы Николай Колоницкий.

Ал ауылдастары Запрометовтердың ешкіммен араздығы жоқ, үлгілі отбасы болғанын айтады. Жантүршігерлік оқиғаға байланысты үш қылмыстық іс қозғалып ол Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған.

кәсіпкердің үйі
Марқұм кәсіпкердің үйі. Фото: NUR.KZ

Айта кетсек биыл қаңтардың 14 күні Янайкино кентінде қанды оқиға тіркелген. Запромётовтер отбасын белгісіз біреулер өлтіріп кетіп, елді дүрліктірген еді.

Кейінірек полиция қызметкерлері оқиғаға қатысты пікір білдіріп, марқұмдардың есімін жариялады. Олар 66 жастағы кәсіпкер Александр Запрометов, оның 65 жастағы жұбайы Валентина және олардың ұлы – 43 жастағы Сергей.

Қаза болғандардың денесінде пышақ жарақаттары анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1872529-bko-da-bir-otbasyny-kyryp-ketken-kylmyskerler-resejden-izdestirilip-zatyr/

jitsu gif