Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұрғындар үрейлі": Оралда 81 жастағы зейнеткерді саяжайда өлтіріп кеткен

Опубликовано:

саяжай 10
Көрнекі фото: pixabay.com

Оралда 81 жастағы зейнеткердің өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қарт ер адамның азапталған денесі "Автодорожник" бау-бақша қоғамындағы саяжайдан 4 қыркүйекте табылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Департамент басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтады", - деді БҚО ПД баспасөз қызметі.

"Автодорожник" бау-бақша қоғамының төрағасының айтуынша, болған оқиғаның толық мән-жайы белгісіз. Алайда саяжайдағылар үрейленіп отыр.

"Ол тыныш әрі ешкімге зияны жоқ қарт адам еді. Полицейлер күдіктілерді іздеуде. Барлық саяжай қауымдастықтарындағы адамдардан сұрақ-жауап алынуда. "Автодорожникте" жүздей үй бар. Бұрын мұндай болмаған. Бұл барлығы үшін шок болды", - деді келіншек.

Еске сала кетсек, БҚО-да бүтін бір отбасыны қырып кеткен қылмыскерлердің Ресейден іздестіріліп жатқаны хабарланды. Оралдық полиция Ресейдің көршілес облыстарына арнайы сұрау салған

Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Николай Колоницкийдің айтуынша, тергеу мерзімі уақытынан асып кеткен. Яғни, ол процессуалдық тұрғыда тоқтатылған.

Айта кетсек биыл қаңтардың 14 күні Янайкино кентінде қанды оқиға тіркелген. Запромётовтер отбасын белгісіз біреулер өлтіріп кетіп, елді дүрліктірген еді.

Кейінірек полиция қызметкерлері оқиғаға қатысты пікір білдіріп, марқұмдардың есімін жариялады. Олар 66 жастағы кәсіпкер Александр Запрометов, оның 65 жастағы жұбайы Валентина және олардың ұлы – 43 жастағы Сергей.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1872926-oralda-81-zastagy-zejnetkerdi-saazajda-ltirip-ketken/

pixel