Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ол бірден пышақтауға келді: Алматыдағы қанды оқиғаның мән-жайы жария болды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда ер адам 32 жастағы әйелді пышақтап тастады. Тағы екі адам ауыр жарақаттар алған. Бұл қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қанды оқиғаның мән-жайы "Астана" телеарнасында жария болды. Журналистер анықтағандай, пәтер тұрғындарына сантехник тап берген. Ол 32 жастағы Алматы тұрғынына түрлі пышақ жарақаттарын салған. Өкінішке қарай, әйел оқиға орнында қаза тапты. Ер адам құрбанының анасы мен көршісіне де бас салған. Қылмыскерді тоқтатпақ болған олар ауыр жарақаттар алып, емханаға жатқызылды.

Қылмыскерді полиция қамауға алды. Күдіктінің сөзіне сенсек, ол сол күні әйелмен қызметақысына бола жанжалдасып қалған. Алайда қаза болған әйелдің жақындары бұл жайтты қасақана өлтіру деп санайды.

"Ол бірден пышақтау үшін келді деп ойлаймын. Жұмыс көлемі үлкен екенін көргесін ақша көп деп ойлап қалған болуы керек. 250 мың теңге төленді. Пышақ әдейі алдын ала қайралған деп ойлаймын, себебі көршіміз қолымен соққыдан бүркелген сәтте оның қолы сүйегіне дейін тілініп кетті. Кеудесі мен тамақ тұсынан да соққылар алды. Ал құрбым тамақ тұсынан пышақ жарақатын алған", - деп есіне алды марқұмның құрбысы.

Телеарна мәліметіне сәйкес, қаза болған келіншек 12 жыл бойы жедел жәрдем фельдшері болып қызмет етіп, адамдарды құтқарумен болған. Алматы денсаулық сақтау басқармасы әйелдің анасының жағдайы туралы айтып берді. Ол кеудесінен, мойынынан, бетінен, қолынан, иығынан пышақ жарақаттарын алған. Одан бөлек өкпесі зақымдалған.

Дәрігерлер әзірге оның оңалып кету-кетпеуі туралы дөп басып айтпауда. Полицейлер күдікті оқшаулағышқа қамалғанын алға тартты. "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Күдіктінің көршілері ер адамның бұған дейін де істі боланын айтуда. Қанды оқиға 4 қыркүйек күні болған.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында ер адам сот залынан шыға сала тағы 4 қылмыс жасағанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Алматыда ер адам дезинфекция жасаушы азаматқа пышақ ала жүгіргенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1873079-ol-birden-pysaktauga-keldi-almatydagy-kandy-okigany-mn-zajy-zaria-boldy/