Ресейде тоғызыншы қабаттан құлаған екі жасар бала аман қалды
Опубликовано:

Ресейдің Екатеринбург қаласында тоғызыншы қабаттың терезесінен құлаған екі жасар бала аман қалды, қазір ол ауруханада деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бұл туралы Ресей ішкі істер министрлігінің өңірлік бас басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Валерий Горелых мәлім етті.
Оқиға жексенбі күні таңертең Бабель көшесінің бойындағы тұрғын үйде болған. ІІМ өңірлік бас басқармасы өткен демалыс күндері Свердловск облысында тағы бір осындай оқиға орын алғанын атап өтті.
"Тағы бір оқиға Заречный қаласында болды, онда 14 жасар қыз терезеден құлап кеткен. Абырой болғанда, екі оқиғадан да балалар аман қалды. Бірақ, олар ауыр хәлде ауруханада жатыр", – деп мәлімдеді баспасөз қызметінің жетекшісі.
Оның айтуынша, полиция әр оқиға бойынша тексеріс жүргізуде.
Айта кетейік, кеше Алматыда Фурманов шыңында тоғыз жасар бала жардан құлап жарақат алған болатын.
Алматы қаласы құтқару қызметінің кезекші бөліміне аталған хабар 20 қыркүйек күні 13:36-да түскен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылар бригадасы, сонымен қатар жедел жәрдем тобы және Медеу аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы аттанған.
"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар балаға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жасөспірімнің оң қолында сынық жарақаты болуы мүмкін деген күмәнмен, оған медициналық қаптама кигізді", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ бұған дейін Ақтауда балалар алаңында ойнап жүрген балақайдың құлап, жарақат алғанын жазғанбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1875381-resejde-togyzynsy-kabattan-klagan-eki-zasar-bala-aman-kaldy/