Новосибирскіде алты ай бұрын жоғалып кеткен қарт ғалымның мәйіті табылды
Опубликовано:

Новосибирскіде тау-кен институтының жоғалып кеткен қызметкері, 87 жастағы техника ғылымдарының докторы Геннадий Кулаковтың денесі табылды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.
РИА Новости басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, 3 наурызда ол қаланың қақ ортасында орналасқан "Красный" даңғылындағы жұмыс орнына кетіп, содан бері байланысқа шықпаған.
Облыстық тергеу комитеті мәйіттің Совет ауданындағы "Южный" зиратының жанынан табылғанын жария етті.
Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықтау жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін жоғалып кеткен ферма иесінің жақындары Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің алдына жиналып, полицейлердің ер адамды іздестірмей жатқанына шағымданған болатын.
Кейінірек жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен оның денесі табылды.
Нұралы Нұртілеуовтің жақындары ер азаматты жергілікті мал ұрысы өлтірген болуы мүмкін екенін алға тартты.
Олардың сөзіне сенсек, мал ұрысы талай қылмыс жасағанымен, жазадан құтылып келеді.
Өткен демалыс күндері Құлсары қаласында қандықол қарақшылардың қолынан қаза болған Нұралы Нұртілеуовті ағайын-тумалары мен таныстары соңғы сапарға шығарып салды.
Марқұмның жары күйеуінің еңбекққор, ақкөңіл, жақсы әке болғанын қамыға жеткізді.
"Іс ақырына дейін жетіп, қаскөйлер тиісті жазасын алса болды. Біздің енді сұрайтынымыз сол", - дейді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1875388-novosibirskide-alty-aj-bryn-zogalyp-ketken-kart-galymny-mjiti-tabyldy/