Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш адам қаза тапты": Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Түркістан облысы Ордабасы ауданында жол апаты болып, соның салдарынан үш адам қаза тауып, бес адам жарақат алды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Polisia.kz сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, жол апаты бүгін сағат 16:38 шамасында орын алған.

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылының жанындағы Арыс-Шымкент тас жолында “ВАЗ” және “Мазда” автокөліктері соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты. Бір ер адам “ВАЗ” жолаушысы және екі әйел “Мазда” жолаушылары екені анықталды.

Жедел-жәрдем көлігінде тағы бес адам ауруханаға жеткізілді.

“ВАЗ “автокөлігі Ресей Федерациясында тіркелгені белгілі болды.

Оқиға орнында Ордабасы аудандық полиция басқармасы және Түркістан облысының полиция департаменті анықтаушылары жұмыс істеп жатыр.

Аталған жайт қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тіркелген.

Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апатының толық мән-жайы анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында екі жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапқан еді. Екі бірдей жол көлік оқиғасынан төрт адам қаза тауып, тағы жетеуі түрлі дене жарақаттарын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1875903-s-adam-kaza-tapty-trkistan-oblysynda-zantrsigerlik-zol-apaty-boldy/

pixel