Иракта бес содыр өз бомбасына жарылып қаза тапты
Опубликовано:

Иракта теракт дайындап жатқан бес содыр қаза болды. Олар автокөлікке бомба орнатып жатқанда, жарылғыш зат іске қосылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.
Елдің қауіпсіздік органдарының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ирактың батысындағы Рутба қаласына жақын маңда автокөлік жарылған.
"Ақпаратты нақтылағаннан кейін автокөліктің ИГИЛ содырлары жасырынған жерлердің бірінде жарылғаны анықталды. Нәтижесінде көлікке бомба орнатып жатқан бес содыр қаза тапты", – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, биылғы наурыз айында Нұр-Сұлтанда теракт ұйымдастырмақ болған күдіктінің қолға түскенін хабарлаған едік.
2020 жылдың 25 наурызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивті діни ағым ұстанушысын ұстады.
Ол "ДАИШ" халықаралық террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясының ықпалымен астана аумағында теракт дайындады деп күдіктелуде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан жою элементтері бар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы алынды.
Сондай-ақ 2020 жылдың 13 наурызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел- іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласында "ДАИШ" (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанушыны ұстап, сот санкциясымен қамауға алған болатын.
Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде халық көп шоғырланған орындарда теракт дайындады деп күдіктелуде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан екі жауынгерлік граната алынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1876457-irakta-bes-sodyr-z-bombasyna-zarylyp-kaza-tapty/