Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында үйдің кіреберісінде оқушы қызға шабуыл жасалды

Опубликовано:

Мектеп оқушысы
Көрнекі фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Ақсу қаласында тұрғын үйдің кіреберісінде оқушы қызға шабуыл жасалды. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Видеода кіреберісте қыздың біреуден қашып келе жатқанын көруге болады. Бірақ соңынан қуып келе жатқан адам бірінші қабатта жетіп алады. Дене пішімі ірілеу келген қыз оны жерге жығып, ұялы телефонын алып қойды. Ал жәбірленуші бірден жоғары қарай көтеріліп кетеді. Екеуі кіреберіске кіргенде далада темір есікке тағы бір адамның жақындағаны көрінеді. 

Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жәбір көрген қыз 12 жаста, оның артынан кірген қыз да мектепте оқиды. Жасы – 15-те. 

"Ол өзінен кіші қыздың OPPO F5 телефонын тартып алды да, қашып кетті. Ал жәбірленуші үйіне көтеріліп, полицияға хабар берген. Қазіргі кезде кәмелетке толмаған қыз кепілдік хатпен ата-анасына тапсырылды. Қылмыстық кодекстің 191-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды", - дейді полицейлер. 

Айта кетейік, тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру әрекеттері үшін жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төнбесе, 3-7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

Еске с ала кетсек, Қызылорда облысында оқушы қызын ауылдастары зорлағанын айтқан ана жанайқайын жеткізген еді.

Сондай-ақ, бұған дейін біз 19 жастағы мұғалімді зорлаған павлодарлыққа сот үкімі шыққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1880063-pavlodar-oblysynda-jdi-kireberisinde-okusy-kyzga-sabuyl-zasaldy/

pixel