Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жедел жәрдемнен ұрлап, зорлаған": Павлодарда сұмдық жағдай орын алды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

11 қазан күні дүкенге шыққан Павлодар тұрғынын бұған дейін оны қорқытып жүрген ер адам ұрлап кетіп, ұрып-соққан және зорлаған. Бұл туралы "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Оның сөзінше, тәртіп сақшылары бұған дейін ер адамның әрекетін отбасылық-тұрмыстық кикілжің деп санап, босатқан.

"12 қазан күні әйел одан қашып шығып, жедел жәрдем шақырған, алайда ер адам аурухана алдында оны жедел жәрдемнен ұрлап кеткен. Аталған жағдай сол жердегі қызметкерлердің көз алдында өрбіген. Ол жедел жәрдем көліктерінің барлығының есігін ашып, әйелді іздеген", - деді "НеМолчи" қорының жетекшісі Facebook желісінде.

Дина Таңсәрі 12 қазан күні полиция әйелдің анасына хабарласып, қызын жедел жәрдемнен ұрлап кеткенін хабарлағанын атап өтті. Ал ер адам әйелді жалдамалы пәтерге апарып, түні бойы ұрып-соққан және зорлаған.

Пәтер қожайыны олардың іздестіріліп жатқанын айтып, шығарып жібергенімен, ол тағы бір пәтер жалдаған. Сол жерде әйелдің айғайын естіген көршілері тәртіп сақшыларына қоңырау шалған. Әйелді жедел жәрдем, ал ер адамды полиция алып кеткен. Дегенмен, ол үш сағаттан соң босап шыққан екен.

Осы орайда Дина Таңсәрі Ішкі істер министрін аталған жағдайға назар аударуға шақырды.

Еске сала кетсек, Қызылорда облысында оқушы қызын ауылдастары зорлағанын айтқан ана жанайқайын жеткізген еді.

Сондай-ақ, бұған дейін біз 19 жастағы мұғалімді зорлаған павлодарлыққа сот үкімі шыққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1880142-zedel-zrdemnen-rlap-zorlagan-pavlodarda-smdyk-zagdaj-oryn-aldy/