Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда ит төбелестіргендерді полиция іздеп жатыр (видео)

Опубликовано:

Маңғыстауда ит төбелесі өтті
Фото: inaktau.kz

Әлеуметтік желіде иттерді төбелестіріп жатқан адамдардың видеосы пайда болды. Ролик Маңғыстау полицейлерінің назарына ілігіп, олар бейнежазбаны зерттеп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ InAktau.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың 18 қазанында құзырлы орган өкілдері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында иттерді төбелестіріп жатқандардың видеосын анықтаған.

Қазігі уақытта Полиция департаменті төбелес өткізілген жер мен оның ұйымдастырушысын іздеп жатыр.

Тәртіп сақшылары тексерістің нәтижесін қосымша хабарлайтын мәлімдеді.

Ал еріктілер жануарларға қатігездік танытқан төбелес ұйымдастырушыларын ғана емес, оның көрермендерін де жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Олар Маңғыстауда жаппай іс-шара өткізуге тыйым салынғанын еске салды. Бейнежазбадан 50-ден астам адамның жиналып, әлеуметтік қашықтық пен маска режимінің сақталмағанын көруге болады.

Одан бөлек, роликте қатігездік сахналарын көруге кішкентай балалардың да келгені байқалады.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында итті көлігіне байлап сүйреген жүргізуші жұрттың ашуына тигенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Атырауда итті қорлағандар анықталып, қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік. Кейін итті тұншықтырған азаматқа қатысты іс тоқтатылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ қыркүйек айында Нұр-Сұлтанда еріктілер төрт иттің зорланғанын айтып, дабыл қаққан еді.

Кейінірек, жантүршігерлік факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, хайуанаттарды уақытша ұстайтын изоляторда төрт иттің жыныстық сипаттағы азап көргені анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1880199-magystauda-it-tbelestirgenderdi-policia-izdep-zatyr-video/

pixel