Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда жер сілкінісінен 12 адам қаза болды

Опубликовано:

Түркия жер сілкінісі 3
Оқиға орнынан фото: Usame Ari / Getty Images

Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Измирдегі жер сілкінісінен қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы жаңартылған деректерді жариялады. Табиғи апат салдарынан 12 адам көз жұмды, 400-ден астамы жарақат алған.

Түркиялық ведомствоның хабарламасын РИА Новости басылымы жария етті.

Соңғы деректерге сәйкес, Түркияның Измир қаласында жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 12 адамға жеткен. Құтқарушылар қирандылар астынан адамдарды іздеуді жалғастыруда.

Бұған дейін құтқарушылардың қирандылардың астынан 70-ке жуық адамды алып шыққаны хабарланған еді.

Бұдан бөлек, Грекияда жер сілкінісі салдарынан құлаған қабырғаның екі мектеп оқушысын басып қалғаны белгілі болды. Балалар оқиға орнында көз жұмған.

Сонымен қатар, Израиль мен Иран елдері Түркияға табиғи апаттың салдарын жоюға көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді.

Сондай-ақ бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісінің салдары бейнеленген видеолар пайда болғанын хабарлағанбыз.

Кадрлардан Измир көшелерін су басқанын, жиһаздардың, үйдің қирандылары мен өзге де заттардың сумен ағып бара жатқанын көруге болады.

Жерасты дүмпулерін жақын маңдағы елді мекен тұрғындары да сезген, алайда басқаларға қарағанда, Измир қаласы елеулі зардап шегіп отыр.

Айта кетейік, Афина университетінің сейсмикалық зертханасы мәлім еткендей, зілзала ошағы Самостың солтүстік-батысында 24 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1882423-trkiada-zer-silkinisinen-12-adam-kaza-boldy/