Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грекияда жер сілкінісінен екі адам қаза тапты

Опубликовано:

Грекиядағы жер сілкінісі
Фото: Хабар 24

Грекияның Самос аралында жер сілкінісінен екі адам қаза тауып, тағы онға жуық адам жараланды деп хабарлайды Хабар 24.

Қаза тапқандар жасөспірімдер болып шықты. Табиғи апат салдарынан мұнда бірқатар ғимарат мен тарихи маңызы бар шіркеу қирап қалды. Грекия Геодинамика институтының хабарлауынша, жер сілкінісінің күші 6,6 балл болған.

Айта кетейік, Түркияда болған жер сілкінісінен жапа шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Еліміздің сыртқы істер министрлігі осындай ақпарат таратты. Ал Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігі осы елдегі азаматтарымызға көмек беруге дайын екенін хабарлады.

Соңғы мәліметке сәйкес, Эгей теңізі аймағындағы табиғи апаттан 24 адам көз жұмды. Тағы 800-ден астамы жарақат алған. Дүмпудің күші 6,6 балға жетіп, 30 секундқа ұласқан.

Елдің ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Измирдің Байраклы және Борнова аудандарында кемі 20-дан астам тұрғын үй жермен- жексен болған.

Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Мұнан бөлек жүздеген тұрғын үй мен мекемеге зақым келген. Зілзала болған ғимараттардың жанында тұрған көліктер үйінді астында қалды. Мамандар 6 балдан жоғарғы жер сілкінісінен кейін тағы да 5 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін деп ескертті. Сондықтан азаматтарды біраз уақыт тыста болуға шақырып отыр. Айта кетерлігі, Измир - Түркияның үшінші ірі қаласы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1882457-grekiada-zer-silkinisinen-eki-adam-kaza-tapty/