Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі еркек зорлап, орманға апармақ болған": Көкшетауда тұрғындар жас қызды құтқарды (видео)

Опубликовано:

Зорлау
Көрнекі фото: ktk.kz

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде "көпқабатты үйде жас қызды зорлау оқиғасының алдын алған" тұрғындардың видеосы жарияланды деп хабарлайды NewTimes.kz.

42500_tenge парақшасында жарияланған видеода азамат бойжеткеннен не болғанын сұрайды. Өзін ұрды ма деген сауалға жауап алған соң ол артта тұрған жігітке бұрылып, бетінен шапалақпен тартып жібереді.

"Екі еркек қызды зорламақ болған. Адамдар көмек сұрап айғайлаған дауысты естіп, пәтерге келіп, оны құтқарып қалған. Жәбірленуші жігіттер өзін ұрғанын, зорлағысы келгенін және орманға апармақ болғанын айтып отыр. Ол сотқа баруға ниетті",- делінген жазбада.

Басылым редакциясы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне хабарласқан.

Онда оқиғаның 9 қараша күні болғанын мәлімдеді.

"Сағат 01.19 шамасында Көкшетау ПБ кезекші бөліміне Баймұқанов көшесіндегі үйдің пәтерлерінің бірінде түнгі уақытта музыка қатты ойнап жатқаны туралы телефон хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 19.00 шамасында 18 жастағы қыздың 21 жастағы танысына келгенін, олар спирттік ішімдіктер ішіп, кальян шеккенін анықтады. Әңгіме барысында қыз бен жігіт арасында жанжал басталған. 21 жастағы жігіт оны бетіне ұрған, нәтижесінде қыз көмекке шақыра бастаған", - деп түсіндірді департамент.

Жігіт бойжеткенді мас болғандықтан үйіне жалғыз жібергісі келмегенін айтып, сендіріп отыр. Қазір азаматтың үстінен тыныштықты бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Одан бөлек, полиция қызметкерлері қыздан сот-медициналық сараптама өтуді сұраған. Ал бойжеткен бас тартқан. Ол құқыққорғау органдарына жігітке ешқандай шара қолданбағаны үшін арыз тастады.

Айта кетейік, осыған дейін Байқоңырда әкесі кішкентай қызын зорлағанын жазған едік.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында мүгедек қызды зорлады деген күдікке ілінген азаматтың өлімі бойынша тергеу жұмыстары басталды. Полицейлер мәліметінше, күдікті тұрғын үйлердің бірінің балконынан секіріп кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1884116-eki-erkek-zorlap-ormanga-aparmak-bolgan-kksetauda-trgyndar-zas-kyzdy-ktkardy-video/

pixel